Қарапайым сөз

lat: Qarapaıym sóz

әдеби тілдің сөйлеу нормаларына жатпайтын, ауызекі тілге тән сөздер. Оған ауызекі тілдегі дөрекі, тұрпайы сөздер, варваризмдер, жаргон сөздер, кейбір диалектизмдер жатады. Сонымен бірге, қарапайым сөздердің қатары кемсіту, мұқату, мысқыл-мазақ, қарғыс, алғыс мәнінде қолданылатын, көркем әдебиетте, ауызекі сөйлеу тілінде стилистикалық бояуы бар сөздерден тұрады. Мысалы, шикі өкпе, сүмелек, тыштаңдау, былшию, бәтшағар, адыра шалғыр, көсегең көгерсін, көп жаса т.б.